Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып, кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». Марқа 1:4


Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын. Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады. Лұқа 7:29-30



Шомылдыру Рәсімінен Өту



Суға Шомылдыру Рәсімін


Киелі Рухтың Шомылдыру Рәсімі және Тілдерде Сөйлеу


Суға Шомылдыру Рәсімінен Өту Формуласы




Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік». Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек! Римдіктерге 6:4


бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Титке 3:5


Мен сендерді теріс жолдан қайтқандарыңның белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр. Ол сендерді Киелі Рухына әрі отқа шомылдырады. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Матай 3:11